“2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі №78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 222 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 қарашада № 5640 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 сәуірде “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 26 мамырда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 31 қазан
№ 222 қаулысына қосымша
  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 78 қаулысына 2-қосымша

2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)

1

Жалағаш ауданы

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

Шағын орталық

24240 теңге

19187 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады