"2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 358 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 желтоқсанда № 5658 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 65 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5443 тіркелген, 2016 жылы 13 мамырда "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Суюбаева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" қарашадағы
№ 358 қаулысына қосымша

2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері


Аудан атауы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
1
Сырдария ауданы
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
Шағын орталық
24240
18371

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады