Бейнеу ауданының Бейнеу ауылы мен Сарға ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/72 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 3256 болып тіркелді

      Жоба
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 7200,0 гектар Сарға ауылдық округінің өнеркәсіп жерлерінің бір бөлігін Бейнеу ауылы шекарасына қосу жолымен Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының және Бейнеу ауданы Сарға ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев
      Сессия төрағасы О. Қазақбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 366 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/72 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданы Сарға ауылдық округінің
шекараларынан шығарылатын және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушылардың атауы
Жалпы алаңы (гектар)
Сарға ауылдық округінің шекарасынан шығарылғанға дейінгі жерлер алаңы

32204,2380

Сарға ауылдық округінің шекарасының бір бөлігінен шығарылатын жерлерінің алаңы

7200,0

Сарға ауылдық округінің шекарасынан шығарылғаннан кейінгі жерлерінің алаңы

25004,2380

Бейнеу ауылының шекарасына қосқанға дейінгі жерлерінің алаңы

43622,0427

Бейнеу ауылының шекарасына қосылатын жердің бір бөлігінің алаңы

7200,0

Бейнеу ауылының шекарасына жерді қосқаннан кейінгі жердің алаңы

50822,0427

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады