Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 155 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 3070 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 14.02.2017 № 38 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Таубаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Таубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "27" мамырдағы
  № 155 қаулысымен бекітілген

Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы ол өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының басшыларын бағалауды аудан әкімі не уәкілдік берілген оның
      орынбасарларының бірі жүргізеді.
      5. Жылдық бағалау мыналардан құралады:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан.
      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оның жұмыс органы болып табылады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, өкілетті болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның орнында болмаған төрағасын не мүшесін алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру нәтижелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметшісі табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын жасау

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
      11. "Б" корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерден (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол (олар) болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысатын, қолжетімді, іске асатын, нақты аяқтау нысанына ие іс-шаралар
      көрсетіледі.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруымен анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерін орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және (немесе) ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "+1"-ден "+5" дейін балл беріледі.
      19. Айыппұл баллдары орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындаушылық тәртібін бұзуға:
      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың
      өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігуі;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің), "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы ондағы мәліметтердің шынайылығы мәнісіне бағалау парағын қарастырып, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) ал бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жіберіледі.
      33. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасы қызметшінің тікелей басшысымен мынадай формула бойынша есептелінеді:
      


      

– тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"
      130 баллдан астам – "өте жақсы"
      37. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      


      

– жылдық баға;
      

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 37-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;
      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      41. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
       "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқылы.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық
      бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1- қосымша

      нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________ жыл
      (жеке жоспар жасалатын кезең)
      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):___________________
      __________________________________________________________________
      Қызметшінің лауазымы:_____________________________________________
      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________
      __________________________________________________________________

№ р/с
Шаралардың атауы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4

 

      
      Ескертпе:
      *- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.

Қызметші
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
күні ______________________________
қолы ______________________________
Тікелей басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________
күні ___________________________________
қолы __________________________________

      

  "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2- қосымша

      нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл
      (бағаланатын кезең)
      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
      __________________________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:__________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:______
      __________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін
бұзу фактілері туралы мәліметтер
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін
бұзу фактілері туралы мәліметтер
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      

Қызметші
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
күні ______________________________
қолы ______________________________
Тікелей басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________
күні ___________________________________
қолы __________________________________

      

  "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3- қосымша

      нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
      _____________________________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_____________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________
      _____________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Атауы
Мәні
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      

Қызметші
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
күні ______________________________
қолы ______________________________
Тікелей басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________
күні ___________________________________
қолы __________________________________

      

  "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша

      нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
      ________________________________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:____________
      ________________________________________________________________

№ р/с
Құзыретінің атауы
Мәні
Баға (балл)
Тікелей басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Қарым-қатынасқа қабілеті
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік әдепті сақтауы
2-ден 5 ке дейін
 
 
ЖИЫНЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білуі
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік әдепті сақтауы
2-ден 5 ке дейін
 
 
ЖИЫНЫ:
 
 
Әріптесі
1.
Командада жұмыс істей білуі
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Қызметтік әдепті сақтауы
2-ден 5 ке дейін
 
 
ЖИЫНЫ:
 
 

      

  "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
      __________________________________________________________________________
      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
      Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі ( болған жағдайда)
Комиссияның ұсынымдары
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:_______________________________ Күні: ________
       (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________________________ Күні: ________
       (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі:__________________________________ Күні: ________
       (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады