Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 178 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 шілдеде № 3080 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 19.02.2018 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә.Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық кәсіпкерлік

      және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Жубаназаров Нұржан Өтепбергенұлы

      "14" маусым 2016 жыл.

      "Қарақия аудандық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Атадусов Айдар Аймұратұлы

      "14" маусым 2016 жыл.

      "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Байбузов Болат Шаңдыұлы

      "14" маусым 2016 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

      министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау департаментінің Қарақия аудандық

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Есмурзаева Қолғанат Қазмолдақызы

      "14" маусым 2016 жыл.

      "Қарақия аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Аяғанов Сағындық Күзембайұлы

      "14" маусым 2016 жыл.

  Қарақия ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "14" маусымдағы
  №178 қаулысымен бекітілген

Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орындары

1

Құрық ауылы, "Алишер" орталық базарының оңтүстік шығыс жағы

2

Құрық ауылы, 3 шағын ауданы, "Дана" дүкенінің солтүстік жағы

3

Құрық ауылы, 2 шағын ауданы, 4 үйінің шығыс жағы

4

Құрық ауылы, 2 шағын ауданы, "Жолболдин" алаңы

5

Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 119 шақырымының оңтүстік жағы

6

Жетібай ауылы, орталық базардың оңтүстік батыс жағы

7

Жетібай ауылы, Әлиев шағын ауданы, "Сүйінқара" мешітінің оңтүстік жағы

8

Жетібай ауылы, Мәдениет үйінің алдындағы ашық алаң

9

Мұнайшы ауылы, Салтанат шағын ауданы, "Салтанат" мейрамханасының солтүстік шығыс жағы

10

Ақтау – Жаңаөзен – Мұнайшы – Жетібай тас жолы қиылысында орналасқан "Гелиус" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағар май құю станциясына қарсы 30 метр қашықтықта

11

Құланды ауылы, М.Өскінбайұлы көшесі, "Тұлпар" азық-түлік дүкенімен "Аружан" балабақшасының аралығы

12

Бостан ауылы, Мәдениет үйінің шығыс жағы

13

Сенек ауылы, С.Мәтіков көшесі, мәдениет үйінің шығыс жағы

14

Сенек ауылы, Ә.Темірханов көшесі, "Алтын-Нұр" азық-түлік дүкенінің шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады