2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 ақпандағы № 18 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда № 2980 болып тіркелді. Күші жойылды Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 238 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) есірткі тәуелділігінен және маскүнемдіктен емделу және оңалту курсынан өткен тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Т. Асауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады