Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/36 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 3134 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 30.11.2022 № 24/152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Қонысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 11 шілдедегі
  №3/36 шешімімен бекітілген

Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 30.11.2022 № 24/152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.

      2. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар наградталады.

      3. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

      4. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің және мемлекеттік органның басшысы қол қояды және ол мөрмен бекітіледі.

      Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.

      5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау парағы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 15/90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда бұл ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.

      7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Мұнайлы аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

2 тарау. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

      8. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасы мен жеке ісіне енгізіледі.

      9. Наградтау туралы мәліметтер Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      10. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен, аудандық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.

      Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 15/90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады