Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 404 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 6236 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 11.05.2016 № 27 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген ережедегі 21-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Кезектен тыс сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы

Ә. Саматов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады