Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 10 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 6378 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Амангелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезектен тыс


      сессия төрағасы

Б. Дәуітбаев

      Аудандық


      мәслихат хатшысы

Қ. Кеделбаев


       "Амангелді ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ М. Сакетов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады