"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 47 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 6283 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 140 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

А. Балғарин



Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 47 қаулысымен бекітілген

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары бар.
      3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз кызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Әулиекөл ауданында білім беру саласында басқарушылық функцияларын жүзеге асырудан тұрады.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      7) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
      8) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
      5) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      7) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      8) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      9) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      10) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      11) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      12) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      13) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      14) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      16) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      17) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      19) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      20) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сонымен қатар әкім мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырыстарын сапалы, мерзімінде орындау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік, өзге де органдарда "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
      2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды (сыйақы) қосымша төлем белгілейді;
      4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
      6) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңының орындалуын бақылайды;
      7) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді және сол үшін дербес жауапты болады;
      9) өз құзыреті шегінде гендірлік саясатты іске асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Әулиекөл ауданын әкімдігінің білім бөлімінің И.Я.Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Әулиекөл ауданын әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Әулиекөл ауданын әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Әулиекөл ауданын әкімдігінің білім бөлімінің Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №121 Құсмұрын орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Құсмұрын орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Новоселовка орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Федосеев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бағаналы негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Диев орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чернигов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Қазанбасы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чернышевский орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Целинный негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Москалев орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимофеев орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қырқуыс бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сосновка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Аққұдық негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Харьков бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жалтыркөл бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шилі бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лаврентьев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тірсек бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      33) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Калинин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      34) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Үшқарасу негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      35) "Құсмұрын поселогіндегі УК-161/4 "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Кешкі (ауысымдық) жалпы білім бертін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      36) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл кешкі орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      37) "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Айгөлек" Әулиекөл бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Құсмұрын "Қарлығаш" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) "Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай "Бөбек" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Ақбота" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Новонежин "Балдәурен" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің "БАЛАПАН" Құсмұрын балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Құсмұрын балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) "Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Әулиекөл ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады