Мәслихаттың 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 21 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 6368 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5857 тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Әлиев
      Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Қыстаубаева

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________С. Жалаушыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады