2016 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша өндіру үшін егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 121 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 6632 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған Қамысты ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша өндiру үшiн егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Ж. Бисимбаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 121 қаулысына қосымша

Қамысты ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша өндiру үшiн егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

III Құрғақ дала аймағы

1

Жаздық жұмсақ бидай

2016 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін

2

Арпа

2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін

3

Сұлы

2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін

4

Гречиха

2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады