Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 238 "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 39 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 6230 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 29.09.2016 № 244 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 238 "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5904 нөмірі болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесінің 16- тармағындағы 7), 8), 9), 10) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады