"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 37 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 6262 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

В. Ионенко



Әкімдіктің
2016 жылғы 4 наурыздағы
№ 37 қаулысымен
бекітілген

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шеңберінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің осы Ережеге қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар.
      3. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.      
      8. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71- үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласында мемлекеттік мекемелерде саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) аудан аумағында Қазақстан Республикасының білім беру және тәрбиелік саясатын іске асыру;
      2) білім саласында перспективті, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;     
      3) заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      2) балалардың қосымша білім алуын қамтамасыз ету;
      3) негізгі орта, жалпы орта білім жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беру мен қамтамасыз ету және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасау;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру және кешкі (ауысымдық) оқытуды ұсыну;
      2) балалардың қосымша білім алуын қамтамасыз етеді;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары:
      1) өз құзыреті шегінде ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығару;
      2) білім беру саласында қажетті мәселелерді шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды және басқа ұжымдық органдарды құру;
      3) белгіленген тәртіпте және өз қызметінің мақсатына сәйкес бекітілген мүлікке иелік ету және қолдану;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      20) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      3) жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;
      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      6) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 


"Меңдіқара ауданы әкімдігінің
білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тізбесі

      1) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Архипов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Борков орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Буденный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жангелді орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Каменскорал орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Краснопреснен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ломоносов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Михайлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Первомай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сосна орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Степанов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Алешин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Долбуш негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жарсуат негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Загарин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Көктерек негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Лесной негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Теңіз негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Төлеңгүт негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Алқау бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы Ақсуат бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балықты бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Иванов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Қызылту бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Никитин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Шиелі бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Меңдіқара ауданының балалар мен жастар шығармашылығының үйі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Боровской өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      35) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жас әлем" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) Мендіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Меңдіқара ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады