Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 120 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымда № 6496 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 12.07.2018 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.


Аудан әкімі

Т. Даиров


      Аудандық мәслихаттың хатшысы

      _______________ Г. Әбенова

      2016 жылы 1 маусым


  Аудан әкімдігінің
  2016 жылғы 1 маусымдағы
  № 120 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкер;

      4) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде қажеттілікті бағалау және анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер;

      5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) жұмыспен қамту орталығының маманы.

      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

      4) оқытушы;

      5) педагог-психолог, психолог;

      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      7) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

      8) әдістемеші;

      9) өндірістік оқыту шебері;

      10) аға жетекші, жетекші;

      11) әлеуметтік педагог;

      12) логопед-мұғалім, логопед;

      13) кітапхана меңгерушісі;

      14) кітапханашы;

      15) қосымша білім беру педагогы;

      16) аға тәрбиеші, тәрбиеші;

      17) медициналык бике;

      18) музыкалық жетекші;

      19) емдік дене шынықтыру кабинетінің маманы;

      20) жабдық жөніндегі инженер.

      3. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемекеттік мекеменің басшысы;

      2) музыкалық жетекші;

      3) кітапханашы;

      4) библиограф;

      5) мәдени ұйымдастырушы;

      6) аккомпаниатор;

      7) аға әдістемеші, әдістемеші;

      8) редактор;

      9) қазақ және ағылшын тілінің мұғалімі.

      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;

      3) медициналық бике;

      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.

      5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігері;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады