Науырзым ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 119 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 6526 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 14.03.2018 № 29 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Даиров

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай

      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаментінің Науырзым аудандық

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________________ А. Аңсағаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 1 маусымдағы
№ 119 қаулысына қосымша

Науырзым ауданының елді мекендерінде автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

      1. Дәмді ауылдық округі, Дәмді ауылы, ауылдық кітапхананың жанындағы асфальтталған алаң;

      2. Дәмді ауылдық округі, Мереке ауылы, ауылдық клубтың жанындағы алаң;

      3. Раздольное ауылы, Мирная көшесіндегі алаң;

      4. Буревестник ауылдық округі, Буревестник ауылы, ауылдық дәрігерлік емхана ғимаратының жанындағы асфальтталған алаң;

      5. Буревестник ауылдық округі, Буревестник ауылы, Буревестник орта мектебіне қарсы асфальтталған алаң;

      6. Шилі ауылы, "Көркем" дүкеніне қарсы асфальтталған алаң;

      7. Қожа ауылы, Шаяхметов көшесіндегі аумақ;

      8. Өленді ауылы, ауылдық мәдениет үйінің аумағы;

      9. Шолақсай ауылы, Юбилейная көшесіндегі орталық дүкендердің аумағы;

      10. Қарамеңді ауылдық округі, Қарамеңді ауылы, демалыс саябақтың жанындағы Қабанбай-Батыр көшесіндегі асфальтталған алаң.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады