Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 ақпанда № 4919 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.08.2019 № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.08.2017 № 236/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.

      4. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Павлодар облысы әкімінің аппараты осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "27" қаңтардағы
№ 15/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.01.2017 № 1/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Атауы

1

Облыстық жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады