Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 15/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5108 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 143/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 03.11.2017 № 143/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің № 4 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мен 1-тармағы "спорт" деген сөзден кейін "және ветеринария" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ғ. Әмірханова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады