Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 291/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 сәуірде № 5085 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1010/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 30.11.2023 № 1010/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "17" наурыздағы
№ 291/3 қаулысымен
бекітілген

      Екібастұз қаласының аумағында стационарлық
емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 01.02.2021 № 47/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

1

Кеншілер көшесі (№ 1 және № 5 үйлер арасында)

10

5

"Горняк" дүкені

Саяжай өнімдерін іске асыру

2

Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 22 үй (аула ішінде)

15

5

"Нур" әлеуметтік павильоны

Саяжай өнімдерін іске асыру

3

Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі № 47 және Бауыржан Момышұлы көшесі № 40 "А" үйлердің арасында)

10

5

"№ 73" дүкен

Саяжай өнімдерін іске асыру

4

Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша № 52/5 үй және Абай көшесі, № 55 бойынша № 26 орта мектеп ғимаратының арасында)

15

5

"Ақ қайың" дүкені

Саяжай өнімдерін іске асыру

5

Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 149 үй (аула ішінде)

25

5

"Бахыт" дүкені

Саяжай өнімдерін іске асыру

6

Энергетиктер көшесі (№ 65 және № 67 үйлер арасында)

10

5

"Сауле" сауда үйі

Саяжай өнімдерін іске асыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады