Железин ауданы Железин селолық округінің Железинка селосындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 мамырда № 5133 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Железин селолық округінің Железинка селосы тұрғындарының пікірін ескеріп және 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Железин селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Железин селолық округінің Железинка селосындағы "Советов" көшесі "Жеңіс" көшесі, "Садовая" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімі К. Кабдулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады