"Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 89/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5075 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы N 202/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 23.06.2016 N 202/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекет мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережені заңнамамен бекітілген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "4" сәуірдегі
№89/2 қаулысымен
бекітілген

"Шарбақты ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шарбақты ауданының экономикалық саясатының пайда болуы және дамуы, мемлекеттік жоспарлау және басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
      5. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
      6. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан қатысуға құқығы бар.
      7. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 53.
      10. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9:00-дан сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тіліндегі толық атауы – "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Щербактинского района".
      12. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шарбақты ауданы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      15. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында келісім шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      16. Егер "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне аударылады.

2. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      17. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғындардың өмір деңгейінің экономикалық жақсаруын және өсуіне қол жеткізу үшін аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру.
      18. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудан экономикасын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін біріңғай мемлекеттік бюджеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      19. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтерінің мәні Шарбақты ауданының деңгейінде экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселесі бойынша мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру болып табылады.
      20. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдылығымен қатынас жасайтын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жасау;
      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және басқа жоспарларын жасауда орындаушы органдармен келісілген өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы сұрақтары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орындаушы органдар қызметін үйлестіру;
      4) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге аудандық бюджет жобасын әзірлеу және бекіту.
      21. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының талдауын жүргізу (ауылдық аймақтар, әлеуметтік орта, өндірістік инфрақұрылым және экономиканың нақты секторларын), аналитикалық хаттар және анықтамалар әзірлеу;
      2) Шарбақты аудананың әлеуметтік-экономикалық дамуының паспортын жасау;
      3) аудандық бағдарламалардың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын орындаудың мониторингі;
      4) мемлекеттік бағдарламалар бөлімінде инвестициялық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
      5) инвестициялық жобаларды жасаудың мониторингін жүргізу;
      6) сәйкес келетін бағдарламалар жасау бойынша шаралар жоспарына және салалық бағдарламаларға, аудан аумағын дамыту бағдарламасының бастапқылығына сәйкес және экономикалық тиімділікке, олардың мақсатқа сәйкестігі бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздеуінің экономикалық сараптамасын жүргізу;
      7) бөлімге жүктелген тапсырмаларды орындау үшін қызметтік тұлғалар және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
      8) облыстық және аудандық әкімдіктердің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және орындау;
      9) аудан әкімдігі қаулысының жобаларын мемлекеттік мекеме құзыреті шегінде іске асыру;
      10) аудан аумағында біріңғай мемлекеттік бюджеттік саясатты жүзеге асыру;
      11) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа мерзімді және орта мерзімді келешекке аудандық бюджеттің кірістері және шығындары бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру;
      12) жергілікті бюджет түсімдерін болжау;
      13) аумақтық салық органымен бірігіп (келісім бойынша) аудандық бюджет кірістерін болжау;
      14) аудандық бюджетті қалыптастыру және аудандық мәслихатпен бекіту үшін шешім жобасын әзірлеу;
      15) жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерлері бойынша шығындар көлемін болжауды жүзеге асыру;
      16) бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу;
      17) аудан әкімдігінің сәйкес келетін қаржылық жылға аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қаулысының жобасын әзірлеу;
      18) қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
      19) жоғарғы басқармаға есеп беруді үшін мемлекеттік органдардан ақпарат жинауды жүзеге асыру;
      20) "Аумақтарды дамыту" Бағдарламасы қарсаңында аумақтарды экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды жүзеге асыру;
      21) жергілікті өзін-өзі басқарудың трансферттерін жүзеге асыру;
      22) тұрғылықты үй сатып алу үшін бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы беру бойынша елді мекендерге тұрғылықты тұру және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
      23) ұдайы сақталатын істерді дайындау, іріктеу және жою, істерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыру және сақталуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді;
      24) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да өкілдікті жүзеге асырады.
      22. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттердің орындалуына байланысты, мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар келісімдері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қарауына ұсыныс енгізуге;
      3) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да көмек көрсетуге;
      4) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта ұсынуға;
      5) өзінің құзыреті аясында шарт, келісім бекітуге;
      6) мемлекеттік органның құзыреті аясында аудан әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеуге;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және функционалдық міндеттерге қарама-қайшы келетін экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша басқа да қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі бар.

3. "Шарбақты ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесі қызметін ұйымдастыру

      23. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін жеке жауапкершілікке тартылатын бірінші басшысымен жүзеге асырылады.
      24. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      25. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      2) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне сыйақы төлеуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      5) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен міндетті түрде орындалатын, құзыретіне қатысты мәселелер бойынша бұйрық шығарады және нұсқау береді;
      6) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін меншік құрылымына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсынады;
      8) мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізеді;
      9) "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысының келешек және ағымдағы жоспарын бекітеді;
      10) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және жеке жауап береді.
      "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
      26. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
      27. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
      28. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

4. "Шарбақты ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында жеке мүлкі болады.
      30. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
      31. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада белгіленген болмаса, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шарбақты ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      32. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қысқартқан (таратқан) кезде кредитшінің талабы қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік, ауданның коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады