Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3/429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 4/565 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 1335 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3/429 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1187 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған)келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 18 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. "Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады