Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы N 8/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда N 3987 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымшаға сәйкес, қосымша берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың VIII сессиясының
төрағасы
В. Притчин
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2018 № 21/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Дәрілік заттардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы

Сирек аурулардың синонимдері және атаулары

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Халық санаты

1.

Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб

Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған балалар

2.

Тобрамицин

Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

3.

Бозентан
Илопрост
Силденафил

Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

4

Ибрутиниб

Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83.0)

Таралған ходжкиндік емес лимфома

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

5

Пирфенидон

Өкпесінің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1)

Идиопатиялық өкпенің фиброзы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады