Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде N 3700 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 мамырдағы N 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 16.05.2016 N 32 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңы 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешов

Об объявлении на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 8 апреля 2016 года № 24. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 апреля 2016 года № 3700. Утратило силу решением акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 16 мая 2016 года N 32

      Сноска. Утратило силу решением акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 16.05.2016 N 32 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 статьи 4 и статьей 48 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", аким Аккайынского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Объявить на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба.
      2. Ввести режим чрезвычайной ситуации функционирования районной территориальной подсистемы государственной системы гражданской защиты.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на курирующего заместителя акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 7 апреля 2016 года.
      Аким района Д. Байтулешов