Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы N 40-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде N 3728 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 39-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 19.06.2020 № 39-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХХ сессия
төрағасы
А. Фильберт
      Аққайың ауданының
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев

  Аққайың ауданы мәслихатының
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 40-3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Осы жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (бұдан әрі – Қосымша реттеу) "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес, жергілікті жердегі жағдайларды және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын ескеріп әзірленді.

      2. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсаттарға сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      3. Митингілерді және жиналыстарды өткізу үшін орындар Қосымша реттеудің 1-қосымшасына сәйкес анықталсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 26.11.2019 № 34-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін маршруттар Қосымша реттеудің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 26.11.2019 № 34-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

      6. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органымен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілердің басқа жағдайларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

      8) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды қолдануға;

      9) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар,басқа да материалдар (визуалды, аудио/видео) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі насихат құралдарын пайдалануға;

      3) пикет тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлауға рұқсат беріледі.

      8. Пикетті митинг, жиналыс, шеру немесе демонстрацияның басқа нысанына өзгерту, өзге түрде жалғастыру үшін белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің рұқсатын алу қажет.

      9. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінен жиналысты, митингiні, шерудi, пикеттi, демонстрацияны өткiзуге бас тартылған немесе оған тыйым салу шешімі шығарылған жағдайда уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша шара қолдануы қажет.

      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) тыйым салу туралы шешiм шығарылса;

      3) оларды өткізудің тәртiбі бұзылған жағдайда;

      4) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе;

      5) қоғамдық тәртiп бұзылған жағдайда тоқтатылады.

      12. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

  Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы бойынша
жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеуге
1-қосымша

Митингілер және жиналыстарды өткізу орындары

      1. Смирново ауылы, "Сергиенко" ЖК қонақ үйіне қарсы алаң.

     


      2. Смирново ауылы, "Ассорти" дүкеніне қарсы алаң.

     


  Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы бойынша
жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
  демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеуге
2-қосымша

Шерулер және демонстрацияларды өткізу маршруттары

      1-маршрут: Суворов–Мир көшелерінің қиылысынан Мир көшесі бойымен "Сергиенко" ЖК қонақ үйіне қарсы алаңына дейін.

     


      2-маршрут: 25 лет Целины –9 Май көшелерінің қиылысынан 9 Май көшесі бойымен "Ассорти" дүкеніне қарсы алаңына дейін.

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады