Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 3960 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27 бабының 3 тармағына, 46 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешов

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізілімі

      1) "Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы №229 қаулысы (2003 жылғы 3 қазандағы № 40 "Колос", 2003 жылғы 10 қазандағы № 5 "Колос" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 4 қыркүйекте № 1003 тіркелген);
      2) "Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы № 229 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылы 4 желтоқсандағы № 285 қаулысы (2014 жылғы 9 қантардағы №1 (7159) "Колос", 2014 жылғы 9 қантардағы №1 (363) Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 2459 тіркелген);
      3) "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылы 16 ақпандағы № 63 қаулысы (2015 жылғы 19 наурыздағы № 12-13 (7225-7226) "Колос" газетінде, 2015 жылғы 19 наурыздағы № 12-13 (429-430) "Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 2 наурызда № 3127 тіркелген);
      4) "Аққайың аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылы 16 ақпандағы № 64 қаулысы (2016 жылғы 26 наурыздағы № 14 (7227) "Колос" газетінде, 2015 жылғы 26 наурыздағы 14 (431) Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 3 наурызда № 3132 тіркелген);
      5) "Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылы 12 маусымдағы № 155 қаулысы (2015 жылғы 23 шілде № 35 (7248) "Колос" газетінде, 2015 жылғы 23 шілде № 34 (450) Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 09 шілде № 3301 тіркелген);
      6) "2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдерін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 231 қаулысы (2016 жылғы 25 тамыздағы № 36 (7306) "Колос" газетінде, 2016 жылғы 25 тамыздағы № 36 (509) Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 24 тамызда № 3873 тіркелген);
      7) "Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 253 қаулысы (2016 жылғы 13 қазандағы №43 (7313) "Колос" газетінде, 2016 жылғы 13 қазандағы №43 (516) "Аққайың" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 11 қазанда №3902 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады