Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 157 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 тамызда № 3853 болып тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі теңгерімде ұстаушы және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Базарханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы 5 шілде
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілде № 157 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 19.01.2022 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 09.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзақтығы, шақырым

1

КТТМ-315

Дмитриевка ауылына кірер жол

1

2

КТТМ-316

Степное ауылына кірер жол

1

3

КТТМ-317

Дружба ауылына кірер жол

7

4

КТТМ-318

Ақжан ауылына кірер жол

1

5

КТТМ-319

Сулы элеваторына кірер жол

3

6

КТТМ-320

Москворецкий ауылына кірер жол

5

7

КТТМ-321

Ленинский ауылына кірер жол

18

8

КТТМ-322

Дзержинский ауылына кірер жол

7

9

КТТМ-323

Белоградовка нан қабылдау пунктіне кірер жол

2

10

КТТМ-324

Октябрьский-Ишимский-Ақсуат

24

11

КТТМ-325

Хмельницкий ауылына кірер жол

10

12

КТТМ-326

Целинный ауылына кірер жол

3

13

КТТМ-327

Сулы элеваторына кірер жол

1

14

КТТМ-328

Комсомольский ауылына кірер жол

2

15

КТТМ-329

Дмитриевка-Жарқын

20

16

КТТМ-330

Степное-Ракитное

4

17

КТТМ-331

Докучаев-Северный

12

18

КТТМ-332

Рассвет ауылына кірер жол

2

19

КТТМ-333

Приозерный ауылына кірер жол

2

20

КТТМ-334

Тимирязев-Целинный

54

21

КТТМ-335

Тимирязев-Докучаев

25

22

КТТМ-336

Дмитриевка-Дружба

8

Барлығы

212

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады