"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 наурызда N 3656 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 8/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 11.11.2016 № 8/2 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 наурызда № 2606 нөмірімен тіркелген, аудандық "Бірінші сөз" газетінде 2014 жылғы 21 наурызда, аудандық "Первое слово" газетінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген шешімге кіріспе сөзбасы келесі басылымда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағы 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:"
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХLVІ сессиясының төрағасы
К. Сақтанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады