Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы N 236 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы N 8/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда N 3970 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабы 5-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ономастика комиссиясының 2016 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отыра, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында Первомайская көшесі Есім Шайкин атындағы көше болып өзгертілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 12.05.2017 № 87 бірлескен қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 87 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі
Е. Сағдиев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
VIII сессиясының төрағасы
С. Окунев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Ө. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады