Атырау облысы Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласы Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына карантин белгілеу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 161 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 3572 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 10.01.2017 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы және Атырау облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 03-4/755 ұсынысына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара мал арасында "нодулярный дерматит" (экзотикалық ауру) ауруының анықталуына байланысты Атырау облысы Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласының Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына карантин белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Дүйсембаев

Об установлении карантина на территории Курмангазинского, Исатайского районов и Дамбинском, Кенузекском сельских округах города Атырау Атырауской области

Постановление акимата Атырауской области от 27 июля 2016 года № 161. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 28 июля 2016 года № 3572. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 10 января 2017 года № 5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 10.01.2017 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)
      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Атырауской области от 26 июля 2016 года № 03-4/775 акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить карантин на территории Курмангазинского, Исатайского районов и Дамбинском, Кенузекском сельских округах города Атырау Атырауской области в связи с выявлением болезни "нодулярный дерматит" (экзотическая болезнь) среди крупного рогатого скота.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атырауской области Накпаева С.Ж.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима области Г. Дюсембаев