Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 40 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте № 3620 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Жаңа Қаратон кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Жаңа Қаратон кенті көшелеріне көше атаулары берілсін.
      2 .Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары Ш.К. Жалғасбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кент әкімі Р. Молдабаева

  Жаңа Қаратон кент әкімінің 2016 жылғы "08"қыркүйектегі № 40 шешіміне қосымша

Жаңа Қаратон кентіндегі көше атауларының тізімі

      1. № 16-19, 20а,20б, 21, 22а,22б, 23, 24а, 24б, 25-32, 33а,33б, 34, 35а, 35б, 36, 37а, 37б, 38-43, 44а, 44б, 45, 46а, 46б, 47, 48а, 48б, 49-56, 57а, 57б, 58, 59а, 59б, 60а, 60б, 61- 64, 66-74, 90-95, 96а, 96б, 97а, 97б, 197-202, 205-210, 319, 323-327, 330-335, 337, 339-343, 346-351, 713а,713бүйлер аралығындағы көшеге мұнайшы-бұрғышы Боран Ержановтың есімі берілсін.
      2. № 211-217, 258-259, 271-274, 320-322, 387-391, 394, 418-419, 455-465, 511-514, 564-571 үйлер аралығындағы көшеге мұнайшы Базарбай Мұқановтың есімі берілсін.
      3. № 715а, 715б, 718а,718б, 721а,721б; 724а,724б, 725а,725б; 729а,729б, 730а,730б, 739б, 740а,740б, 750а,750б, 751а,751б, 772а, 772б,773а, 773б, 774а, 774б, 800а, 801а, 801б, 833а,833б, 838а, 838б, 845а, 845б, 847, 866а, 866б, 867а, 867б, 872а, 872б, 873а, 873б, 874а, 874б, 877а, 877б, 878а, 878б, 879а, 879б, 882 үйлер аралығындағы көшеге мұнайшы, геолог-барлаушы Балағұл Рзиевтің есімі берілсін.
      4. № 727а,727б, 728а,728б, 733а,733б,734а,734б, 735а,735б,736а,736б, 743а, 743б, 744а, 744б, 745а, 745б, 746а, 746б, 754а, 754б, 755а, 755б, 756а, 756б, 777а, 777б, 778а, 778б, 779а, 779б, 780а, 807а, 807б,810а, 810б, 848а, 848б, 849а, 849б, 853а, 853б, 858а, 858б, 859а, 859б, 863а, 863б, 864а, 864б, 865а, 865б, 868а, 868б, 869а, 869б үйлер аралығындағы көшеге мұнайшы-геолог Жолдас Жұмалиевтің есімі берілсін.
      5. № 30 көшеге – Ұлы Отан соғысы ардагері Хасан Алдаховтың есімі берілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады