Бейбарыс ауылдық округіндегі елді мекендердің кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 39 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қазанда № 3651 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Бейбарыс ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысының негізінде, Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбарыс ауылдық округіндегі елді мекендердің кейбір көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Бейбарыс ауылындағы бірінші көшеге "Бану Хисмеденова" есімі;
      2) Аққайын елді мекеніндегі бірінші көшеге "Нұрпейіс Байғанин" есімі, екінші көшеге "Тұрар Рысқұлов" есімі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі С. Сатымқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады