Сарайшық ауылының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 30 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 3642 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарайшық ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Сарайшық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарайшық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Сарайшық ауылының шығыс бетіндегі солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан көшеге "Жаңа ауыл" атауы;
      2) М. Әуезов көшесіне батыс жағынан параллель көшеге "Сабыр Қазыбаев" есімі;
      3) Сарайшық ауылының оңтүстік бетіндегі шығыстан батысқа қарай орналасқан көшеге "Наурыз" атауы;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі А. Мастекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады