Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 241 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 3702 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 20.06.2017 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 20.06.2017 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков

Об установлении квоты для трудоустройства граждан Исатайского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Постановление акимата Исатайского района Атырауской области от 14 ноября 2016 года № 241. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 7 декабря 2016 года № 3702. Утратило силу постановлением акимата Исатайского района Атырауской области от 20 марта 2024 года № 45

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Исатайского района Атырауской области от 20.03.2024 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата Исатайского района Атырауской области от 20.06.2017 № 116 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", на основании приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898) районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест от списочной численности работников организации в размере одного процента для трудоустройства граждан Исатайского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Исатайского района Атырауской области от 20.06.2017 № 116 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Утегалиева М.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Султанбеков