Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 120 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 маусымда № 3533 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы қаулысына сәйкес Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "23" мамырдағы № 120 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүлік атауы
Шығарылған
жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
YUTONG 952 A погрузчик-фронтальный, тіркеу нөмері AFD792E
2006
"Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
2
Автокөлік Уаз 2206, тіркеу нөмері Е784АХ
2000
"Индер аудандық білім бөлімінің Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3
Автокөлік Уаз 2206, тіркеу нөмері Е488АW
2000
"Индер аудандық білім бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4
Автокөлік Ваз 21214, тіркеу нөмері 348АВ06
2007
"Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады