"Шымкент қаласының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмiнiң 14.11.2018 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 7 "Шымкент қаласының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3062 тіркелген, 2015 жылдың 3 наурызында "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қосымшасындағы №№ 53, 95, 96, 1031 сайлау учаскелерінің орталықтары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      М.Елекеев

      "8" ақпан 2016 жыл

  Шымкент қаласы әкімінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 1 шешіміне қосымша
  Шымкент қаласы әкімінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 5 шешіміне қосымша

      № 53 сайлау учаскесі

      Орталығы – "Таңсұлу" балабақшасы, 8 шағынауданы, Х.Мамытов көшесі, нөмірсіз.

      № 95 сайлау учаскесі

      Орталығы – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты, А.Байтұрсынов көшесі, № 13.

      № 96 сайлау учаскесі

      Орталығы – Тәуке хан даңғылы, № 2а.

      № 1031 сайлау учаскесі

      Орталығы – № 6 Шымкент қалалық клиникалық емханасы, Әл-Фараби көшесі, 230.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады