2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 тамыздағы № 1765 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 26 тамызда № 3841 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 1995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 29.09.2016 № 1995 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығының 10 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 20 қыркүйегінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
17 тамыз 2016 жылғы
№ 1765 қаулысымен бекітілген

Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері


Дақыл түрі
Егістіктің оңтайлы мерзімдері
Ескертпе
басталуы
аяқталуы
1
Күздік бидай
20.09.2015
20.11.2015
Тәлімі және суармалы жер
2
Жоңышқа
10.03.2016
10.04.2016
Тәлімі және суармалы жер
3
Көкөніс
10.03.2016
20.05.2016
Суармалы жер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады