Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 370 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 3949 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 250 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 29.05.2017 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.Дәрібайға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі М.Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 370 қаулысына қосымша

Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар

Қала және елді мекен атаулары

Орналасатын орны

1

Арыс қаласы

Привокзальный көшесі, ескі Казпочта ғимаратының жаны

2

Арыс қаласы

М.Ауезов көшесінің соңы, Арыс ІІ теміржол вокзалы маңының батыс жағы

3

Арыс қаласы

Азизаев көшесі және Шпал зауыт көшелерінің қиылысы, дүкендердің алды

4

Арыс қаласы

Ақынбеков көшесі, №№ 127, 128, 129 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

5

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, №№ 5, 45, 7 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

6

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, №№ 36, 46 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

7

Арыс қаласы

Майлықожа көшесі №№ 110, 112 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

8

Арыс қаласы

Көктем 2 мөлтек ауданы, № 1 көшесіндегі № 1 және № 3 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

9

Монтайтас ауылдық округі

клуб ғимаратының алды

10

Ақдала ауылдық округі

Ақдала ауылдық округіне кіре-беріс жол бойындағы, "Жас қанат" жанар жағар-май бекетінің артқы жағындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады