Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47/259 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 3599 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 39/241 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 25.04.2019 № 39/241 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 20/115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 20/115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Б.Қалаубай
      Мәслихат хатшысы С.Спабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады