2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 9 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3538 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2016 № 200 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
№ 9 қаулысымен бекітілген

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыс түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1
"Түлкібас ауданы әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу

5

2500 іс-құжат

Аудандық бюджет

2
"Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету, үй аралау, мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу

10

108 жалғызілікті қарттар, 104 мүгедек балалар, 1500 іс-құжат

Аудандық бюджет

3
"Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Ақбиік ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Түлкібас поселке әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе поселке әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Арыс ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Мичурин ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Рысқұлов ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тұрғындардың үйлерін аралау, поселке, ауылдық округтердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға жәрдемдесу

16

15 ауылдық округ, поселке аумағында, 19514 үй

Аудандық бюджет

4
"Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Ақбиік ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Түлкібас поселке әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе поселке әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Арыс ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Мичурин ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Рысқұлов ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау
 
489
15 ауылдық округтердің, поселкелердің 64 елді мекендерінің көшелері
Аудандық бюджет
5
"Түлкібас ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Аудан орталығының көшелерiн санитарлық тазалау
 
10
500 000 шаршы метр
Аудандық бюджет
6
"Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Демалыс және мәдениет орталық парктерінің аумағын жинау, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету
10
800 000 шаршы метр
Аудандық бюджет
7
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі
Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату)
5
4500 іс-құжат
Аудандық бюджет
8
"Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды анықтау және жұмысқа орналасуға ықпал ету, жұмыс іздеу клубы жоба жетекшісі
2
2200 жұмыссыз
Аудандық бюджет
9
"Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істері Департаменті "Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу ("Тәртіп", "Сақшы" пилоттық жобалары)
25
15 ауылдық округтердің, поселкелердің 64 елді мекен, 1500 іс-құжат
Аудандық бюджет
 
Барлығы
 
572
 
 

      Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады