2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 3523 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 206 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
      2) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер;
      3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Т.Байтұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады