"Шардара ауданында сайлау учаскелерін құру, олардың орталықтарын және шекараларын белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 2 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 ақпанда № 3573 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 09 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 19.11.2018 № 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 "Шардара ауданында сайлау учаскелерін құру, олардың орталықтарын және шекараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-128 тіркелген, 2012 жылдың 27 қаңтарда "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Айтуреев

      КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________Ж.Шүкір
"3" ақпан 2016 жыл

  Шардара ауданы әкімінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 2 шешіміне қосымша
  Шардара ауданы әкімінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 22 шешіміне қосымша

Шардара ауданы аумағындағы сайлау учаскелері мен олардың орталықтары және шекаралары

      № 905 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Ж.Қолдасов көшесі № 4, Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Қолдасов көшесінен басталып, Н.Оңдасынов көшесі мен Жаушықұм ауылына баратын жолмен балық тәлім бағы, аудандық туберкулезге қарсы диспансерімен айналып Қолдасов көшесімен аяқталады.

      № 906 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі нөмірсіз, № 1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Н.Оңдасынов көшесінің солтүстік бөлігі Қолдасов көшесіне дейін, шығыс жағы – Қолдасов көшесінің (осы көшені қоспағанда) туберкулезге қарсы диспансер қоршауының батыс бөлігіндегі көшелерді қамти отырып, тік жарға дейін, қорымнан айналып, мал дәрігерлік станциясына баратын жолдың шығыс бөлігін қамтиды.

      № 907 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесі нөмірсіз, "Шардара" мектеп-лицейінің ғимараты.
      Шекаралары: Хауыздан шығысқа қарай жыра бойымен Н.Оңдасынов көшесіне шығып, оңға бұрылып, Шымкентке шығатын трассаның бойынан мемлекеттік автоинспекция бекетіне дейін. Мемлекеттік автоинспекция бекетінен оңға бұрылып, саяжайдың батыс жағындағы жолмен хауызға дейін.

      № 908 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Темірбеков көшесі нөмірсіз, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: құрылыс материалдары комбинатының батыс жағымен, жардың етегінен батысқа бұрылып, Сырдария өзеніне тіреліп, оның оң жағасымен Оңтүстікке бұрылып қоймаларды айналып, Төменгі тоғай елді мекенін қамти отырып, құрылыс материалдары комбинатына тіреледі.

      № 909 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Түгелбаев даңғылы нөмірсіз, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Абай, Әйтеке би көшелерінің қиылысынан бастап, Әйтеке би көшесінің сол жақ бойынан орман шаруашылығы мекемесі ғимаратымен, автосервис ғимаратын, құрылыс материалдары комбинатымен су электр станциясы гаражы, механикалық жөндеу зауытын айналып, Әйтеке би көшесіне тіреледі.

      № 910 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Елмұратов көшесі № 13, "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамының ғимараты.
      Шекаралары: су қоймасы жағасымен солтүстікке қарай, "Бихон" мейрамханасына баратын жолды бойлап, тікелей Төлеби көшесін кесіп өтіп көтерме сауда базары қорасының солтүстігімен Абай көшесіне шығып, Абай көшесімен, Пионер поселкісімен өтіп, су қоймасына тірелгенше.

      № 911 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі нөмірсіз, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Төле би, Қазыбек би көшелерінің қиылысынан (№ 42-48 үйлер) шығысқа қарай, Қазыбек би көшесіне дейін және осы көше бойымен Әйтеке би көшесінің сол жағындағы, Абай көшесінің сол жағындағы тұрғын үйлерді қамти отырып, шығысқа қарай Н.Төреқұлов көшесі аумағын қамтиды.

      № 912 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Әшіров көшесі № 63, Шардара аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Қазыбек би, Әл-Фараби көшелерінің қиылысынан Әл-Фараби көшесінің бойындағы үйлерді қамти отырып, № 16 кәсіптік колледжге баратын жол бойымен телестанция, су қабылдау торабы аумағымен Шардара су қоймасы жағалауы, "Теңіз клубы" аумағымен қоса қамтиды.

      № 913 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Жібек жолы көшесі нөмірсіз, "Қазсушар" РМК ОҚОФ Шардара өндірістік бөлімшесінің ғимараты.
      Шекаралары: "Шардара" каналының сол жағасымен тазалау жүйесін айналып өтіп, солға қарай айналып, мұнай қоймасынан № 14 Бекетке дейін.

      № 914 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Байсейітов көшесі нөмірсіз, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Су электр станциясынан Сырдария өзенінің сол жағалау мен эстакада өткелімен батысқа қарай бұрылып, Шардара каналының оң жақ жағасымен оңтүстікке бұрылып, Қызылқұм каналымен су реттегішке барып тіреледі.

      № 916 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз, Аудандық орталық аурухана ғимараты.
      Шекаралары: Шардара қаласы, Аудандық орталық аурухана, туберкулезге қарсы диспансері.

      № 917 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаушықұм ауылы, "Жаушықұм" мектеп-лицейінің ғимараты.
      Шекаралары: Жаушықұм ауылдық округінің аумағы.

      № 918 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Шардара ауылының аумағы.

      № 919 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекені, № 7 бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Қуанқұдық, Бимырза, Пішентөбе, Есалықұдық елді мекендері, тауарлы сүт фермасының аумағы.

      № 920 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көксу ауылдық округі, Көксу ауылы, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Көксу ауылының аумағы.

      № 921 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көксу ауылдық округі, Көксу ауылдық округіне қарасты Айдарқұл-Қашар елді мекені, № 8 бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Айдарқұл-Қашар елді мекенінің аумағы.

      № 922 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көксу ауылдық округіне қарасты Баспанды елді мекені. № 9 бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Баспанды және Жоласар елді мекендері аумақтары.

      № 923 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қоссейіт ауылы, "Сырдария" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Қоссейіт ауылдық округінің аумағы.

      № 924 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көксу ауылдық округі, Сырдария ауылы, Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясының ғимараты.
      Шекаралары: Сырдария ауылының аумағы, тауарлы сүт фермасын қоса алғанда.

      № 925 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ұзыната ауылы, "Ұзын ата" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Ұзыната ауылдық округінің аумағы.

      № 926 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алатау батыр ауылы, Қазақстан бастауыш мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Алатау батыр ауылдық округі, "Ақ алтын" акционерлік қоғамының мақта қабылдау бекетінен бастап М.Исмагулов көшесінің оң жағы көшені бойлап, жылу қазандығынан кейінгі "Тәуелсіздік" көшесінен солтүстікке қарай ауылдың аяғына дейін, Шардара-Арыс трассасы бойында орналасқан тұрғын үйлерді қамтиды.

      № 927 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сүткент ауылы, Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Сүткент ауылдық округінің аумағы.

      № 928 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылы, "Қызылқұм" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Қызылқұм ауылдық округінің аумағы.

      № 929 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшенгелді ауылдық округі, Ақ алтын ауылы, "Ақ алтын" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Ақшеңгелді ауылдық округінің Ақ алтын елді мекенінің аумағы.

      № 930 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшенгелді ауылдық округі, Егізқұм ауылы, "Егізқұм" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Ақшенгелді ауылдық округінің Егізқұм елді мекенінің аумағы.

      № 931 сайлау учаскесі

      Орталығы: Достық ауылдық округі, Достық ауылы, "Достық" жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Достық ауылдық округінің аумағы.

      № 943 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алатау батыр ауылы, С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
      Шекаралары: Алатау батыр ауылы, М.Исмагулов көшесінің сол жағы, Бекет елді мекенінің аумағы.

      № 946 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шардара қаласы, № 2037 шекаралық заставасының ғимараты.
      Шекаралары: № 2037 шекара Заставасы және байланыс әскери бөлімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады