Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы N 85 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде N 4492 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 2), 4) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы30 желтоқсандағы № 1141, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қалалар мен аудандар әкімдері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбелерін бекітсін.

      3. "Ертіс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдардың тізбесін бекіту ұсынылсын.

      4. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері анықталсын.

      4-1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12717 болып тіркелген) бекітілген іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібіне сәйкес 1 және 2-қосымшаларда көзделген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асыра алады;

      2) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен тарата алады деп айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 174 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік cатып алу және коммуналдық меншік басқармасы (Н.Б.Можанов), қалалар мен аудандар әкімдері, "Ертіс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

      6. "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3400 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 87 (17024) "Дидар", 2014 жылғы 30 шілдеде № 86 (19533) "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Тұмабаевқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"30" наурыздағы
№ 85 қаулысына 1 қосымша

2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбесіне өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

р/с №

Кәсіпорынның атауы

1.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2.

"Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай" ойын түрлері бойынша спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3.

"Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4.

"Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

6.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық протез-ортопедиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

7.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "ОблШығысЖол" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

8.

Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.04.2019 № 113 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9.

"Табиғат-Өскемен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10.

"Шығыс Қазақстан инженерлік іздестіру геотехникалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11.

"Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12.

"Востокснабобразование" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13.

"Облүйкомшарқұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14

"Қалқымалы өткел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"30" наурыздағы
№ 85 қаулысына 2 қосымша

2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбесіне өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

р/с№

Кәсіпорынның атауы

1

2

1.

"Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ұлттық спорт түрлері бойынша "Дархан" клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

2.

Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тұлпар" ұлттық спорт түрлері клубы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

3.

Риддер қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Спорттық кешен" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

4.

Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер жөніндегі басқарма" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5.

Өскемен қала әкімдігінің "Восток" футбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

6.

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Спартак" футбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

7.

Аягөз ауданы әкімдігінің "Ақтоғай коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

8.

"Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

9.

Тарбағатай ауданы әкімдігінің "Ақсуат-Тазалық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны

10.

Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен-Тәртіп" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

11.

Аягөз ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына негізделген "Аягөз жолдары" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

12.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Аягөз ауданының әкімдігінің "Қалалықүйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

13.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Глубокое ауданының "ПриИртышье" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

14.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Өскемен қаласы әкімдігінің "Монша-кір жуу комбинаты" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

15.

"Ертіс" Спорткомплексі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16.

"Өскемен-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

17.

"Алакөл-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

18.

"Семей-Автобекет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19.

"ШемТазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20.

"Первомайский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

21.

Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шемонаихинский водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

22.

"СпектрПлюс" жауапкершіліг ішектеулі серіктестігі

23.

"Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

24.

"Нарын-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

"Аягөз-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

26

"Ақтоғай қанағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27

"Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

28

"Сәулет және қала құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

29

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Семей" көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"30" наурыздағы № 85
қаулысына 3 қосымша

"Ертіс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі

р/с№

Кәсіпорынның атауы

1

2

1.

"Жәрдем" Шығыс Қазақстан инновациялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2.

"ОблDORкомшар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3.

"Семей" дайындау-қызмет көрсету орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4.

"Семей құс фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "30"
наурыздағы № 85 қаулысына
4 қосымша

Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша өлшемдері

р/с

Өлшем атауы

Иеліктен шығару түрі

1

2

3

1.

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі

Сауда - саттықты аукцион нысанында өткізу
 

2.

Объектіні қызмет бейінін сақтау сату шартын белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі

Сауда-саттықты тендер нысанында өткізу
 

3.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау

Тікелей атаулы сатылым
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады