"2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 34 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 4428 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4273 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (613), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (6932) жарияланған) қаулысына келесідей өзгертулер енгізілсін:
      аталған қаулының 3 - тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "3. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
       аталған қаулының 2, 15 – тармақтары алынып тасталсын;
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады