"Зырян ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 45 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда N 4426 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Зырян ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі А.Кәрімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 ақпандағы № 45
қаулысымен бекітілген

"Зырян ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Зырян ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясымен, және Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерімен, тағы басқа құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме нысанында ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып саналады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Зырян қалалық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті колданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      7. Занды тұлғаның орналасқан жері: 070800 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Стахановская көшесі, 39.
      8. Мемлекеттік органның толық атауы: "Зырян ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Бөлім қызметін қаржыландыру Зырян ауданың жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      12. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу.
      14. Бөлімнің міндеттері:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша халыққа құқықтық көмек көрсету;
      2) мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.
      15. Бөлімнің функциялары:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құжаттаманы сақтауды және мұрағат қорын өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
      5) Бөлімнің құзіреті шегінде аудан әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтык актілерінің жобаларын әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      16. Бөлімнің құқықтары және міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптардың сақталуымен Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген мерзімінде қажетті ақпарат пен құжаттар сұрату және алу;
      2) Бөлім құзыретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысу;
      3) аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындау;
      4) Бөлім әзірлеуші болып табылатын аудан әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің басшысы Зырян ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес дара басшылық қағидатында әрекет етедi және Бөлімнің қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi;
      2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін белгіленген тәртіпте, атқарушы органдардан қажетті құжаттарды сұратады және алады;
      3) Бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу мекемелерін, шарттық негізде қаржылық-экономикалық органдарын осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде тартады;
      4) мүдделі ұйымдардың өкілдері тарта отырып, мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
      5) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      6) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      7) шарттар жасайды;
      8) сенімхаттарды береді;
      9) банктік шоттар ашады;
      10) Бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті болатын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және қызметтен босатады;
      12) Бөлім қызметкерлерін мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      20. Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде тапқан мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады