Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 151 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 маусымда № 4556 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 27.04.2017 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы М. Қалелов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "26" сәуір
151 қаулысына қосымша

2016 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері,теңге

Тәрбиеленушілер саны, адамдар

Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге

Бір айда ата-аналар ақы төлемінің мөлшері , теңге

балабақшалар

шағын орталықтар

балабақшалар

шағын орталықтар

балабақшалар

шағын орталықтар

23198
14790
175
400
23198
14790
4912

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады