Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 27 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4292 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2016 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде 16-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;".
      2. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.А. Асантаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады