Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 11-3 "Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 3-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 тамызда № 4538 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-1 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 11-3 "Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3335 тіркелген, 2013 жылғы 30 тамыздағы "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.";
      5-тармақтың оныншы абзацы алынып тасталсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Мұқанова
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады