2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция Комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Рау |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
7 ақпан 2017 жыл
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген |
Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзудың Қағидалары мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) арнайы инвестициялық жоба - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асырып жатқан инвестициялық жоба немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар ұсынуды көздейтін шарт;
3) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берген моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2018 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-Тарау. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың тәртібі
3. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың келісімшартты жасаудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығының (бұдан әрі – 2017 жылғы 6 ақпандағы №74 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі-өтінім) береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.09.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.09.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Уәкілетті орган Кодекстің 295-1-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы инвестициялық жобалар үшін инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiм түскен күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қою үшін дайындайды .
5. Арнайы инвестициялық келісімшарт өтініш беруші мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жасалады:
1) өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенде;
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелгенде;
3) өтініш берушімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасалғанда.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2018 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Уәкілетті орган арнайы инвестициялық келісімшарт жасасуға мынадай негіздерде бас тартады:
1) өтініш берушімен толық емес құжаттар топтамасын ұсыну;
2) өтініш берушімен дәйексіз мәліметтерді ұсыну;
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағымен белгіленген шарттарына сәйкес келмеуі.
7. Арнайы инвестициялық келісімшарт қолданысы мынадай жағдайларда бұзылады:
1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі немесе мерзімнен бұрын арнайы экономикалық аймақ қатысушысы, бос қойманың иесі ретінде тіркеуден бас тарту кезінде, заңды тұлғамен жасасқан моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді бұзған жағдайда заңды тұлғамен жасасқан арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын, моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді осындай заңды тұлғамен міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұзу, оның ішінде бос қойма иесімен жасасқан моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімді, осындай келісімдерде көрсетілген мідеттемелер;
2) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде;
3) 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодекстің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген заңды тұлға инвестициялық преференцияларды алу үшін аранайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, инвестициялар мәселесі жөніндегі уәкілетті орган ведомствоваларының, индустриалды-инновациялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның хабарламасының болуы арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу үшін негіз болып табылады.
9. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және (немесе) бұзылуы туралы хабарлама уәкілетті органына арнайы инвестициялық келісімшартты тіркеген күннен бастап және (немесе) бұзу туралы шешім қабылданғанда бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті кеден ісі cаласындағы органына жіберіледі.