Байланыс формасы

"Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14899 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін".";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
      9-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).";
      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада:
      оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша";
      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада:
      оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша".
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
       Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
       _____________ Д. Абаев
       2017 жылғы "__"________
      "КЕЛІСІЛДІ"
       Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
       _____________ Т. Сүлейменов
       2017 жылғы "__" ________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 2 ақпандағы
  № 53 бұйрығына қосымша
  "Астық қолхаттарын шығара
отырып қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) атауы:
      ______________________________________________________________________________
      Құқық иеленушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ______________________________________________________________________________
      Астық сақтау қоймасының мекенжайы және кадастрлық нөмірі _________________
      Меншік иесі (құқық иеленуші) _____________________________________________
      Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы
______ бары

Жай-күйі

1

2

3

4

астық кептіру жабдығы
сағатына дана/тонна
 
 
астық сақтауға арналған сыйымдылықтар
мың тонна
 
 
астық тазалау машиналары
дана
 
 
белсенді желдету жабдығы
дана
 
 
жылжымалы көлік жабдығы
дана
 
 
көтергіш-көлік жабдығы
дана
 
 
сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық
жиынтық
 
 
таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген)
дана
 
 
тиеу-түсіру құрылғылары
дана
 
 

      Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер

Сипаттамалары

20___ жылғы
____ бары

1

2

3

Интернет желісіне қолжетімділік
 
 

      Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған алаңдардың болуы туралы
      мәліметтер ______________________________________________________________________
       (асфальтталған алаңдар бойынша көлемдер шаршы метрмен көрсетіледі)
      Өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық
      аттестаттау туралы, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы
      мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген
      заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді) _______________________________
      ______________________________________________________________________________
      


Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Іс-қимыл басталған күн

Іс-қимыл аяқталған күн

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6

 
 
 
 
 
 

      Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер

Объект

Өлшем бiрлiгi

20__ жылғы
____ бары

1

2

3

Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар
дана
 
Пуркалар
дана
 
Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер
дана
 
Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар
дана
 
Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар
дана
 
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер
дана
 
Елеуіштер жиынтықтары
дана
 
Зертханалық таразылар
дана
 
Кептiргiш шкафтар
дана
 
Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар
дана
 
Сынама іріктегіштер
дана
 
Ылғал өлшегiштер
дана
 

      Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер


Маманның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

 
 
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады